Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: КҮЙ АБЫЗЫ – ӘЛШЕКЕЙ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: КҮЙ АБЫЗЫ – ӘЛШЕКЕЙ


    Аймақтағы БАҚ өкілдері Жаңақорған ауданына жасаған пресс-турында  Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»  мақаласындағы міндеттерді орындау аясында ұйымдастырылған «Күй абызы – Әлшекей» атты облыстық өнер фестивалін тамашалады.
     Дәулескер күйші 1847 жылы Қаратау өңіріндегі «Бектібай сазы» ауылында дүниеге келген. Күйшінің атасы Сиқымбай өз заманының сөзін ұстаған кісі болған деседі. Елдің айтуынша, әкесі Бектібай да сөзі өткір, адал сөйлеп жұртқа жаққан адам болыпты. Әлшекейдің нағашы атасы - Қаратау мен Сыр елі, Созақ пен Түркістанға белгілі қобызшы. Рүстем атасы Әлшекейді жастайынан сыбызғы мен қобызға баулиды. Алайда, жас баланың ықыласы домбыраға ауыпты. Әлшекей бала кезден ерекше зеректігімен ел назарын аударады.  
    Әлшекей Бектібайұлының 100-ге тарта күйі бар. Алайда оның барлығы сақталмаған. Ол күйлердің елге жетуіне Ибаш Өткелбаев, Жаманқұл Нұрманов деген домбырашылар елеулі үлес қосты. Бүгінде күйшінің «Тоқырау», «Нарсоққан», «Егес», «Терісқақпай», «Толқын», «Аққу кеткен», «Тепеңкөк», «Қара жорға», «Адасқан қаз», «Айшамен  6 тартыс», «Төтемен тартыс», «Егілген», «Бәйге», «Тай қуу», «Отарба» сияқты күйлері көпшілікке кеңінен таныс. Манап Көкенұлы осы аталған күйлердің шығу тарихын айтып, таспаға жаздырған. Әлшекейдің күйлері қазіргі домбырашылардың репертуарына енген, оркестрге түсірілген. Атағы Сыр мен қырды жайлаған дүлдүл күйші 1932 жылы 85 жасында дүниеден өткен. Күмбірлеген күйлерімен дүйім жұртты дүр сілкіндірген Әлшекей мұраларын әлі де насихаттау қажет. Сонда еліміздің жауһар мұралары толыға түспек.
    Рухани жаңғыру аясында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырған «Күй абызы-Әлшекей» атты аймақтық өнер фестивалі күйші мұрасын насихаттау, фольклорлық ансамбльдер қатарын көбейту мақсатында өткізіліп отыр.  

11 желтоқсан 2017 ж. 924 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области