Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазалыда «Халықтық заңгер» акциясы өтті

Қазалыда «Халықтық заңгер» акциясы өтті

Kyzylorda-news.kz. Қазалыда «Халықтық заңгер» мобильді азаматтарды қабылдау акциясы өтті.
Әйтеке би кенттік клубының алдында өткен акция Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бастамасымен өткізілді.
Акция барысында мемлекеттік органдар өкілдері аудан көлеміндегі бақылау-қадағалау, құқық қорғау, денсаулық, білім, ауылшаруашылығы, тұрғын үй, жер қатынастары, кірістер, халыққа қызмет көрсету салаларына қатысты әлеуметтік мәселелер бойынша 30-дан астам тұрғынның өтініштерін қабылдады.
Аудан тұрғындары нәтижелі жұмыспен қамту, тұрғын үй кезегі, жер алу, мемлекеттік бағдарламалар, кәсіпкерлік, мүгедектікті рәсімдеу, алимент өндіру, т.б. мәселелермен көмекке жүгінді.
Келіп түскен өтініштердің нәтижелері бойынша түсіндіру сипатында толыққанды жауаптар берілді.
11 қазан 2019 ж. 314 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области