Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Сүт өнімдері жүрек дертін және семіздікті емдейді

Сүт өнімдері жүрек дертін және семіздікті емдейді

Біздің ата-балаларымыз сүтті ақ деп қастерлесе, ортағасырлық дәрігерлер оны көптеген ауруларға ем деп санаған.
Ұлыбританиядағы Кардифф университетінің ғалымдары 20 жылдан ұзақ уақыт бойы 2 мыңнан астам ер адамның қандай азық-түлікті ішіп-жегенін, оның ішінде сүт өнімдерін қорек еткенін бақылады. Ғалымдардың көз жеткізгені: күніне жарты литр немесе одан да көп сүт ішкен ер адам метаболикалық дертке 62 пайызға кем шалдығады екен. Ал, метаболикалық дерт түрлеріне диабет, қан қысымының артуы, қандағы холестерин деңгейінің аз болуы және диабет пен жүрек ауруына жиі соқтыратын семіздік жатады.
Жуырда Жапон ғалымы Хигуши атом сәулесімен зақымданған 7 адамға дәрі-дәрмекпен бірге айранның бір түрін ішкізіп емдеп, артынша олардың толықтай айығып кеткенін байқаған. Ал, күнделікті бір литр йогурт ішкен 50 адамның күн сайын өздеріне түсірілген радиоактивті сәуледен аман-сау екендерін анықтаған. Бұдан бөлек, сүттің құрамындағы цистин мен глутатион атомның сәуле шығаруынан болатын зардаптардан ағзаны қорғайтынын дәлелдеген.
Сүттің қасиетін дүниеге жаңа келген нәрестенің ана сүті арқылы өмірге ілесіп, толысатындығынан байқауға болады. Медициналық зерттеулер нәтижесіне сәйкес, жасы үлкен адамдардың бір тәулік ішінде бойына сіңіретін азықтың 1/3 бөлігі ақуыз, яғни сүт, ақ ірімшік, сыр ақуызы болуы керек. Ал, аяғы ауыр әйелдер күн сайын кем дегенде 1 литр сүт ішуі тиіс. Сүт өнімдері сондай-ақ, ұзақ және сау өмір сүруге ықпал етеді.
13 қазан 2019 ж. 274 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области