Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстандық азаматтың асқазанынан кокаин салынған 42 капсула табылды (видео)

Қазақстандық азаматтың асқазанынан кокаин салынған 42 капсула табылды (видео)

Kyzylorda-news.kz. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бразилиядан БАӘ арқылы Қазақстанға және одан әрі Түркияға кокаин жеткізудің халықаралық арнасын анықтап, жолын кесті. Іс-шара барысында қазақстандық азаматтың асқазанынан ішінде кокаин бар 42 капсула табылды, ҰҚК-ның баспасөз қызметі.Атап айтқанда, 2019 жылғы наурызда ҰҚК-ның Алматы қаласы бойынша департаменті жедел-іздестіру шаралары барысында қаладағы әуежайдан контрабандалық жолмен кокаин тасымалдады деген күдікпен «Дубай-Алматы» әуе рейсінің жолаушысы, Қазақстан азаматы Сатыбалдиевті ұстаған болатын.
«Ұсталған адамды тексеру кезінде, Алматы қалалық клиникалық ауруханасының медициналық қызметкерлері жүзеге асырған процедуралар барысында Сатыбалдиевтың асқазан-ішек жолдарынан жалпы салмағы 460 грамм кокаины бар 42 капсула табылып, алынды.
Жүргізілген жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде оның туыстық байланысы Құрманбаева ұсталды. Ол көрсетілген есірткі партиясын Бразилиядан Қазақстанға контрабандалық жолмен жеткізуді ұйымдастырған. Сондай-ақ, оларды Түркияға тасымалдамақшы болған», - дейді ҰҚК-дағылар.
Биылғы жылдың маусымында Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер бойынша сотының үкімімен Құрманбаева мен Сатыбалдиев Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-тармағы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) және 286-бабы 4-тармағы (Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы) бойынша кінәлі деп танылып, 15,5 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Олар жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары түзету мекемесінде өтейді.

15 қазан 2019 ж. 216 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области