Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Пәтеріңіздің нөмірі - сіз туралы сыр шертеді

Пәтеріңіздің нөмірі - сіз туралы сыр шертеді

Сіз тұратын пәтердің нөмірі қандай да бір күшке ие. Нумеролог мамандар адамдарға жайлы өмір сүру үшін қай нөмірлі пәтерде тұру керек екенін де анықтап беріп жатады.
Ең алдымен, пәтердің санын анықтап алған дұрыс. Мәселен, 5-пәтер болса сол сан (яғни, жай ғана 5 болып) қалады, ал 63-ші болса, 6+3=9 деп алып, оны жай ғана 9 деп санаймыз. Яғни, пәтер нөміріндегі сандарды қосқан кездегі нәтиже сіздің үйіңіздің нөмірі.
1-пәтер – адамға сенімділік береді, көшбасшылық қасиетке ие боласыз. Өзгенің ой-пікіріне құлақ аса бермей, тек өзіңізге сенуге көмектеседі, яғни интуицияға жиі жүгінетін боласыз. Бизнес ашуға ықпал етеді, мақсатыңызға жетуге ұмтылатын боласыз.
2-пәтер – қуат, энергия беретін үй, спортқа әуестік ойнайды. Бірақ эмицияға беріліп, жиі ашулануыңыз мүмкін.
3-пәтер – позитивті сан, қоғаммен қарым-қатынас жақсарады. Бұл үйде барлық жұмыс креативпен, тың идеямен жасалады. Өнеріңіз ашылып, сурет салу немесе өлең жазуға құштарлық артуы мүмкін. Сондай-ақ, той-думандар жиі болатын қоныс. Бірақ ақшаңыз жиі шашылатын болады.
4-пәтер – тазалыққа ұмтылып, шыдамдылықты артырады. Фантазияңыз дамитын, тіл үйренуге қызығушылық оянатын мекен. Дегенмен, мұндай үйдегі адамдар өтірікті жиі айтуы мүмкін, себебі әңгімені жақсы көргендіктен әсерлеп жібереді.
5-пәтер – үнемі қозғалыста жүресіз. Саяхатқа шығып, не болмаса жиі жұмыс ауыстыруыңыз әбден мүмкін. Мейірімділік пен бауырмалдыққа үйренесіз, патриоттық сезім оянады. Сонымен қатар, дінге жақындық, имандық келеді.
6-пәтер – гармонияға толы, туысқандар жиі бас қосатын жер. Бұл үйде тұратындар өзгеге көмек беруге ұмтылып тұрады. Сосын табысы берекелі болып, ақшасы үзілмейді.
7-пәтер – бойдақтарға жақсы жер. Бұл нөмірдегі үйлер адамға харизма беріп, көпшілікке ұнауына әсер етеді. Отбасылық бақыт болады, тұрмысқа сәтті шығуға көмектеседі.
8-пәтер – кәсіпкерлерлікке, бизнесқа жол ашатын үй. Ақша қалай жеңіл келсе, солай кетеді. Бірақ, аяқасты тосынсыйлар болады. Соған қоса, бала саны көп болатын үй.
9-пәтер – білім алып, сауат ашылып, рухани байысыз. Аян түстер көретін, армандар орындалатын үй.


19 қазан 2019 ж. 316 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области