Бүгін – Қазақстанда Рухани келісім күні
Kyzylorda-news.kz. Қазақстандықтар жыл сайын 18-қазан күні Рухани келісім күнін атап өтеді.
Бұл атаулы күн 1992 жылдың 18-қазанында Алматыда Елбасы Н.Назарбаевтың төрағалығымен бірінші Бүкіләлімдік рухани келісім конгресі өткен күннен басталады. Осы конгреске қатысушылар қазанның 18-ін рухани келісім күні – қақтығыстар мен жанжалдарға тоқтам салу, татулық іздеу, жақыныңа қайырымдылық және көмек көрсету күні деп жариялау туралы манифест қабылдаған еді.
Бүгінде осы игі бастама еліміздің барлық аймағында қолдау тауып, түрлі іс-шаралар өткізілуде.
Қазіргі таңда республикамызда 18 діни конфессия және 130-ға жуық этнос өкілдері өмір сүреді. Сондай-ақ, 3541 мешіт, шіркеу және өзге де ғибадатханалар мен 3720 діни бірлестік жұмыс істейді.