Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 28 қазан: Атаулы күндер мен оқиғалар

28 қазан: Атаулы күндер мен оқиғалар

Бүгін әлемде Әжелер мен Аталар күні
Бұл мейрамды алғаш рет Канада тұрғындары тойлай бастады. Қазіргі таңда бүкіл әлем атап өтеді.

Халықаралық анимация күні
1892 жылғы 28 қазанда Парижде Эмиль Рейно көрермендерді осы күнге дейін ешкім көрмеген «оптикалық театр» көрінісіне шақырды. Онда талантты өнертапқыш көпшілікке алғаш рет өзінің праксиноскоп аппаратын ұсынды, ол қозғалатын картинкаларды көрсетеді. Осы атаулы күнді анимация киносы дәуірінің басталуы деп санайды. Халықаралық анимация күні Анимация киносының халықаралық одағында (ASIFA - The International Animated Film Association) 2003 жылы бекітілген және қазір дүниежүзінде аталып өтеді.

1893 жылы ақын, ағартушы Сұлтанмахмұт Торайғыров дүниеге келді.

1934 жылы жазушы, аудармашы, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Герольд Бельгер дүниеге келді.

1992 жылы Қазақстанда тұратын немістердің алғашқы съезі өтті.

1998 жылы скрипкашы Айман Мұсақожаеваға ЮНЕСКО-ның шешімімен "Әлем әртісі" жоғары атағы берілді.

2005 жылы ҚР Мемлекеттік орталық мұражайында «Қыз Жібек» эпосына - 500 жыл» атты көрме ашылды.

2015 жылы Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінің қатысуымен Сүйінбай Аронұлының 200 жылдық мерейтойына орайластырылып түрік тіліндегі ақын шығармалары топтастырылған кітаптар жарық көрді.
Оған түрік және басқа да аты әйгілі қазіргі заманғы шетелдік поэзияның өкілдерінің пікірлері енген.

2016 жылы Қытайда тұңғыш рет қазақстандық сауда үйі ашылды. Сауда үйі Шанхай еркін сауда аймағында, жақында ғана ашылған «Линхай» азық-түлік орталығы аумағында құрылды.
28 қазан 2019 ж. 326 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области