Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Байқоңырдан кезекті зымыран-тасығыш ұшырылады

Байқоңырдан кезекті зымыран-тасығыш ұшырылады

Kyzylorda-news.kz. «Роскосмос» ғарыш қызметі жөніндегі мемлекеттік корпорациясы 1 желтоқсанда Байқоңыр ғарыш айлағынан кезекті зымыран-тасығышты ұшырады. Бұл туралы «Роскосмостың» басшысы Дмитрий Рогозин мәлімдеді.
«Роскосмос» 2019 жылдың басынан бері ғарыштық мақсаттағы 20 зымыранның және 12 жауынгерлік зымыран кешенінің ұшырылымын жасады. Жыл соңына дейін ғарыштық мақсаттағы – 9 ұшырылымды және жауынгерлік зымырандардың ұшырылымдарын орындауды көздеп отырмыз. Сонда барлығы 40-тан астам (жыл бойы) болады», - деді «Роскосмос» басшысы Дмитрий Рогозин Циолковский атындағы Ресей ғарыш академиясының отырысында.
Ресей Байқоңыр ғарыш айлағынан жүзеге асырған ұшырылымдар статистикасына сүйенсек, 2019 жылы 11 зымыран ғарышқа аттандырылды. Олардың төртеуі - «Протон-М», қалған жетеуі - «Союз».
Ал жыл соңына дейін Байқоңырдан «Союз-2» зымыран-тасығышының тағы бір ұшырылымы жасалады. Ол орбитаға «Прогресс МС-13» жүк кемесін шығаруы тиіс. Старт 1 желтоқсанға белгіленген.
01 қараша 2019 ж. 449 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области