Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жаңбыр, қар, жаяу бұрқасын: 4 қараша күнгі ауа райы болжамы

Жаңбыр, қар, жаяу бұрқасын: 4 қараша күнгі ауа райы болжамы

Kyzylorda-news.kz. Оңтүстік Каспий циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктердің ықпалымен 4 қараша күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады. Республиканың оңтүстігінде жаңбырдың соңы қарға ұласады. Жекелеген өңірлерде екпінді жел, тұман, көктайғақ, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және солтүстік-шығыста жаяу бұрқасын болжанады.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, жел 15-23 м/с күшейеді.
Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарында тұман күтіледі. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, 25 м/с екпіндегі жел болжанады.
Жамбыл, Ақтөбе, күндіз және таңертең Алматы облыстарының кей жерлерін тұман басып, жел 15-22 м/с артады.
Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
04 қараша 2019 ж. 204 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области