Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Илья Ильин отбасылық берекені неліктен сақтап қала алмағанын айтты

Илья Ильин отбасылық берекені неліктен сақтап қала алмағанын айтты

Kyzylorda-news.kz. Илья Ильин карьера мен отбасы арасында қалай таңдау жасағанын бөлісті. Айтуынша, мұндай салада жүріп отбасылық берекені сақтап қалу қиын, деп хабарлайды Stan.kz.
«Бәлкім бұл біреулердің қолынан келіп те жүрген шығар. Ал менің өмірлік тәжірибеме зер салатын болсақ, бұл – қиын. Біз екеуіміз спортшы болғанның өзінде отбасыны сақтап қала алмадық. Минимумның өзінде қиын. Егер басымдылықты отбасыға беретін болсақ, сақтап қалуға болатын шығар», - деді Илья Ильин.
Әрі қарай спортшы әйелімен жақсы қарым-қатынасты сақтап қала алмаса да, ата-анасы, туған туыстарының барынша қолдау көрсететінін айтты.
«Мен отбасыны таңдағым келсе, отбасымды таңдайтын едім. Өмірлік жолы өзі үшін жауап беріп тұрған сияқты. Өкінішке орай немесе олай емес, солай болып қалды. Көп нәрсе айтуға болады. Менің отбасым бар. Әкем, шешем – олармен жақсы қарым-қатынастамын. Қиын, әрине. Қазір роантикалық қарым-қатынастарға дайын емеспін. Әрине, дайын емеспін. Мен мұның алдындағы «романтикалық қарым-қатынастан» айығып үлгермедім», - деп шынын айтты спортшы.
07 қараша 2019 ж. 237 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области