Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 8 қараша: Атаулы күндер мен оқиғалар

8 қараша: Атаулы күндер мен оқиғалар

Бүгін – Халықаралық көңілділер мен тапқырлар клубы күні. Яғни, әзіл мен күлкінің мерекесі.
2001 жылы дәл осы күні ТМД-ның бірнеше мемлекеті алғаш рет Халықаралық КВН күнін атап өтті.

Әке күні
Әлемнің бірқатар елінде Халықаралық әке күні атап өтіледі. «Әке күні» алғаш рет Вашингтонда 1910 жылғы 19 маусымнан жаппай тойлана бастап, содан бері Америкадағы көптеген отбасылар өздерінің әкелерін құттықтайтын болған. Тек президент Линдон Джонсон маусымның үшінші жексенбісін ұлттық мейрам деп жариялағаннан кейін ғана, 1966 жылдан бастап «Әке күні» бүкілхалықтық мейрамға айналды. Әдетте, жыл сайынғы салтанаттар барысында мемлекет пен қарапайым азаматтар балаларын жалғызілікті тәрбиелеп отырған, табыстары төмен әкелерге қамқорлық жасауға асығады екен.

Қазақстанда статистика күні
1920 жылы Қазақстанда бірыңғай статистикалық органдар құрылуына орайластырылған.

1994 жылы Қазақ ұлттық университетінің құрылғанына 60 жыл толуына орай, оқу орнының бас ғимараты алдына Әл-Фараби ескерткіші орнатылды.

1995 жылы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Заң күші бар Жарлығы шықты.

1997 жылы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі агенттігі құрылды.

2004 жылы Қазақстан делегациясы 8-11 қарашада Лондонда «World Travel Market» - WTM-2004 туристік көрмесіне қатысты.
Көрмеде әлемнің 190 елінен келген мемлекеттік туристік ұйымдар мен жеке туристік компаниялардың өкілдері өздерінің туристік мүмкіндіктерін паш етті және іскер ынтымақтастықтың болашағын талқыға салды.

2004 жылы Семей мешітіне 1907 жылы Қазанда басып шығарылған Құран табыс етілді. Оны ескі ғимаратты жөндеу жұмыстары кезінде «Дау-Қаз» серіктестігінің қаржы директоры Олег Власенко тауып алған. Бұл басылымда Құранның араб мәтінімен қатар көрнекті орыс шығыстанушысы Гордий Саблуков жасаған орысша аудармасы қоса келтірілген.

2009 жылы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жетілдіруге, оның пайда болуына байланысты жауапкершілікті күшейту, оның алдын алуға бағытталған тетіктерді енгізуге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті одан әрі күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.
08 қараша 2019 ж. 293 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области