Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚР Білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылады

ҚР Білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылады

Kyzylorda-news.kz. Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылады. Бұл туралы министрдің кеңесшісі Ерболат Мұхаметжан Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.
«Білім және ғылым вице-министрі Ф.Н. Жақыпованы қызметінен босату мәселесі бойынша келесіні хабарлаймыз: қазіргі уақытта осы лауазымды тұлға басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Заңнамасына сәйкес атқарып отырған қызметінен босату бойынша келісу рәсімі жүргізілуде», - деп жазды ол.
Еске сала кетейік, бұған дейін Парламент Сенатының депутаты Еділ Мамытбеков ҚР премьер-министрі Асқар Маминге жолдаған сауалында білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпованың плагиат ісімен айналысатын сұрағанын хабарлаған болатынбыз.
08 қараша 2019 ж. 211 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области