Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жаңа үлгідегі жүргізуші куәлігін алмаса да болады

Жаңа үлгідегі жүргізуші куәлігін алмаса да болады

Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда жаңа үлгіде шығарылған жүргізуші куәлігін алу міндетті болмайды. Бұл туралы бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында айтылды, деп хабарлайды Stan.kz.ҚР ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Юрий Козлов жаңа үлгідегі жүргізуші куәлігіне қатысты бірқатар сұраққа жауап берді.
«Жаңа үлгідегі жүргізуші куәлігі бұрынғысынан аса ерекшеленбейді. Қазіргі қолданыстағы реквизиттер жаңасында да бар. Біздің мақсат – қолдан жасалған көшірмеден сақтандырып, сапасын арттыру. Чипті визуалды түрде жақсы көрінуі үшін алдынан артқы жағына ауыстырдық. Оны әзірлеу әдісі де басқаша болды. Бұрын-соңды болмаған техниканы қолданамыз. Бұл өз кезегінде жүргізуші куәлігінің сапасын арттыруға көмектеседі», - деді Юрий Козлов орталық коммуникациялар қызметінің кулуарында.  
Спикердің айтуынша, бұрыннан бері қолында куәлігі барлар жаңа үлгідегі куәлікті алуға міндеттелмейді. Мұны қолданыстағы жүргізуші куәлігінің мерзімі аяқталған соң жүзеге асыруға болады.
«Осы уақытқа дейін бұл өзгеріс бюджеттен қосымша шығынды талап етеді деген болатын. Алайда бұл – жалған. Барлығы қазіргі қаржыландыру есебінен жүзеге асады. Яғни оған қосымша ақша бөлінбейді. Мұнымен қатар, жүргізуші куәлігінің құны еш өзгермейді. Чиптегі жады көлемі ұлғайтылып, соған көптеген мағлұматты сыйғыза аламыз. Мысалы – саусақ ізтаңбасы мен биометриялық параметрлер. Қазіргі күні бұл қаралып жатыр», - деді әкімшілік полиция өкілі.
Естеріңізге сала кетсек, ішкі істер министрлігі Қазақстандағы жүргізуші куәлігінің жаңа үлгісін шығаратынын хабарлаған болатынбыз.

18 қараша 2019 ж. 340 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области