Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада нан бағасы тұрақты ма?

Қызылордада нан бағасы тұрақты ма?

Kyzylorda-news.kz. Елордада Қызылорда облысының әкімі БАҚ өкілдеріне әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы брифинг өткізді. Брифинг барысында аймақ басшысы сұрақтарға жауап берді.
– Қызылорда облысында нан бағасы қаншалықты тұрақты?
– Солтүстік өңірлерде қуаңшылық, ауа райының ыстық болуына байланысты және экспортқа шығаратын өнімнің көлемі көбеюіне орай нан бағасы көп өңірлерде қымбаттады. Өзге өңірлер секілді Қызылорда облысында да нан бағасы қымбаттады. Қыркүйек айында нан бағасы 60-65 теңге болатын болса, қазір 75-78 теңге жетті. Дегенмен облыста тұрақтандыру қоры жұмыс істейді. Қор арқылы нан бағасын және халықтың көп тұтынатын азық-түлік өнімдерінің бағасын өсірмеу мақсатында жұмыс жасалуда. Президент әкімшілігі, Үкімет тарапынан да тиісті талаптар қойылды. Жыл басында 2 мың тонна ұн алынып, маусым айында таусылды. Сол уақытта Арал қаласындағы ұн өңдеу комбинатынан 700 тонна ұн алынды. Жақын арада тағы да осы комбинаттан қалған ұн әкелінетін болады.
Аймақтағы наубайханаларды арзан ұнмен қамтамасыз ету үшін Шымкент қаласынан тоннасы 105 мың теңге тұратын ұн өнімін алдып отырмыз. Сонымен қатар Рудный қаласындағы компаниямен келісім шартқа отырып, 1 мың тонна арзандатылған ұн алғалы отырмыз.
Жалпы, нан бағасының қымбаттауы байланысты Қызылорда облысы республика бойынша  5 орында, – деп жауап берді аталған сұраққа аймақ басшысы.
22 қараша 2019 ж. 299 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области