Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Сырдария: Медицина саласында серпіліс бар

Сырдария: Медицина саласында серпіліс бар

Kyzylorda-news.kz. Сырдария ауданы Асқар Тоқмағанбетов ауылында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында дәрігерлік амбулатория құрылысын салу жоспарлануда. Сонымен қатар, ағымдағы жылы облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, 17 бірлік медициналық құрал-жабдықтар алынды.Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында Сырдария ауданының әкімі Руслан Рүстемов мәлімдеді.
«Биыл дәрігерлер тапшылығын төмендету мақсатында 9 дәрігер ауданға жұмысқа шақыртылып, 3-не қызметтік пәтер берілді.Сондай-ақ, кезекті электронды басқару жүйесін енгізу мақсатында электронды терминалдар іске қосылса, тіркеу бөлімі жұмысын модернизациялау үшін цифрлы пост құрылып, CALL-орталығы жаңадан өз жұмысын бастады. Бұл дәрігерлер кабинетіндегі кезекті азайтуға мүмкіндік береді», - деді Руслан Рүстемов.
Мұнан өзге, үстіміздегі жылдың 10 айында аудан бойынша 615 нәресте дүниеге келіп, өткен жылмен салыстырғанда 16,9 пайызға өсті. Сонымен қатар, биыл аудан бойынша бала өлімі тіркелмеген.
06 желтоқсан 2019 ж. 343 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области