Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада болған жол апаты: Автобус жүргізушісі көлік жылдамдығын асырып жіберген

Қызылордада болған жол апаты: Автобус жүргізушісі көлік жылдамдығын асырып жіберген

Kyzylorda-news.kz. Жарақат алған жолаушылардың бірінің айтуынша, Қызылордада болған жол апатында автобус жүргізушісі көліктің жылдамдығын жолдағы көктайғаққа қарамай асырып жіберген көрінеді. Оқиға салдарынан 8 адам опат болып, тағы бірнеше адам жарақат алған болатын. Әбдірахман Төкеев өзі бірнеше жыл бойғы тәжірибесі бар жүргізуші екен, ол оқиға болған күні аусымы бітіп үйіне қайтып бара жатқан, деп хабарлайды  Астана арнасы. Әбдірахман Төкеевтің сөзінше, оны құдай сақтап қалыпты. Жол апаты көзді ашып жұмғанша болған көрінеді.
"Автобус жолдың шетіне ұшып кетті. Автобустың жылдамдығы 100км/сағ әлде 120 км/сағ-тан асып кеткен еді. Салдарынан жолаушылар отырған автобус тайғанап барып, аударылып кеткен. Менің иығым сынды. Бірақ дәрігерлерге рахмет салып берді", - деді Әбдірахман Төкеев.
Төрт мұнайшы әлі жансақтау бөлімінен шықпаған. Оның екеуі жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Дәрігерлер қолдарынан келгенше бар амалды жасауда екен.
"Екеуінің жағдайы ауыр. Екеуінің жағдайы тұрақты. Кеше Нұр-Сұлтан қаласынан реаниматор дәрігер мен хирург маман келді. Олар алдағы уақытта науқастар қандай ем қабылдайтын болатыны жайлы жоспар құрды", деді Қызылорда ауруханасының директор орынбасары Алмас Әбілпатта.
06 желтоқсан 2019 ж. 247 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области