Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қоғамдық келісім кеңесінің кезекті отырысы өтті

Қоғамдық келісім кеңесінің кезекті отырысы өтті

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен Достық үйінде Қоғамдық келісім кеңесінің кезекті отырысы болып өтті.Оған облыстық ауылшаруашылық басқармасының басшысы Қамбарбек Мүбараков, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Гаухар Қалмақова, қала және аудандардан келген Қоғамдық келісім кеңесінің төрағалары мен мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.
Отырыс модераторы «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары, облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Асылбек Жұмабаев «Дипломмен ауылға» бағдарламасын және жастар практикасын жетілдіру мәселелерін ортаға салды.   
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша облыстық ауылшаруашылық басқармасының басшысы Қамбарбек Мүбараков баяндама жасап, Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасымен 2009 жылдан бері іске асырылып келе жатқан «Дипломмен – ауылға!» әлеу¬меттік бағдарламасы ел болашағы – жастарымыздың өз мамандықтарына сай жұмысқа орналасып, баспана алып, өмірден орындарын табуларына, сондай-ақ ауылдық елді мекендерді денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қам¬сыздандыру, мәдениет, спорт және ауыл шаруашылығы сала-ларының  жас мамандарымен қамтамасыз етуге қолайлы мүм¬кіндік бергендігін тілге тиек етті.
«2019 жылға 323 маманға бір жолғы көтерме жәрдемақы төлеуге 61,6 млн теңге, тұрғын үй несиесіне 503 маманға 1,9 млрд теңге бөлінді.
Бүгінгі күні 323 маманға 61,6 млн теңге көлемінде көтерме жәрдемақы берілсе, 521 маманға 1 902,4 млн теңге сомасында тұрғын үй несиесі берілді.  
Жалпы, аталған жобаға қатысушылар саны жылдан жылға артуда. Жобаны жүзеге асыру аясында берілетін бюджеттік несие көлемі бойынша биылғы жылы біздің облыс республикада алдыңғы қатарда.
Елбасы биыл «жастар жылы» аясында аталған жобаға енгізілетін мамандықтардың тізімін кеңейту және мамандарға төленетін көтерме жәрдемақы мөлшерін 70-тен 100 айлық есептік көрсеткішке дейін арттыруды тапсырған болатын.
Осыған байланысты, Ұлттық экономика министрлігіне 2020-2022 жылдарға 2 971 маманға көтерме жәрдемақы беру жөнінде енгізілген ұсынысқа сәйкес 2020-2022 жылдары мамандарға 100  айлық есептік көрсеткіш көлемінде көтерме жәрдемақы төлеуге қосымша  249,9 млн теңге бөлінді.
Сонымен қатар, 2020 жылы 566 маманды тұрғын үй несиесімен қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттен 2 250,7 млн теңге қаржы бөлінді», - деді.
Ал облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Гаухар Қалмақова жастар тәжірибесін жетілдіру бойынша атқарылған шараларға тоқталып өтті.
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жыл басынан 29649 адам қатыстырылды. Оның ішінде, ауыл тұрғындары – 57 пайыз, қала тұрғындары - 43 пайыз құрады. Кәсіпкерлік бастамаларды дамытуға 10,5 млрд теңге қаржы бөлінген. Нәтижесінде 948 адам шағын несие алып, қосымша 843 жаңа жұмыс орындарды ашты. Жаңа бизнес – идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант 2662 адамға грант беріліп өз кәсіптерін ашты. Бұл бастаманың да мөлшері 2020 жылдан бастап барлық бағдарлама қатысушыларына 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде берілетін болады. Осылайша кепілі жоқ азаматтарға кәсіпкерлікпен айналысуға мүмкіндік береді.
Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 25405 адам қамтылды, соның ішінде бос жұмыс орындарына орналасқаны – 14353 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 1254 адам, жастар тәжірибесіне – 3114 адам. Тұрақты жұмысқа орналасқаны – 499 адам.
Халықты тұрақты жұмыспен қамту мақсатында біз барлық мүмкіндіктерді пайдаланамыз. «Еңбек биржасы» электрондық порталын пайдалану үшін халық және жұмыс берушілер арасында  бос жұмыс орындарын ұсыну жөнінде түсіндірме жұмыстары кеңінен жүргізілуде. Биылғы жылы  жұмыспен қамтылғандар саны  13109 адамды құраса, оның 64 пайызы жұмыспен қамту орталықтары арқылы, ал осы портал арқылы, ал 36 пайызы  жұмыспен қамтылды. Бұл да өз кезегінде халықтың цифрлық сауаттылығын арттырады.
Жалпы бағдарламаның белгіленген параметрлері облыста орындалып келеді. Еңбек нарығындағы жағдай бір қалыпты,  жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайыз көлемінде жыл соңына дейін сақталатын болады», - деді.
Айта кететіні ендігі кезекте жастар тәжірибесінен өткен жас мамандардың тұрақты жұмыспен қамтылу деңгейін көтеруге «Еңбек» бағдарламасына жаңадан енгізілетін 2 жоба мүмкіндік береді. «Алғашқы жұмыс орны» жобасы - жастардың жұмыспен қамту мүмкіндіктері кеңейтіп,  2 жылға дейін жұмыспен қамтылып, алғашқы жылдың еңбек ақысы бюджеттен субсидияланады. Ал, «Ұрпақтар байланысы» жобасы - зейнеткерлік жасқа жеткен қызметкер-тәлімгердің қасына бағдарламаға қатысушы 18 айға тұрақты жұмысқа орналасады. Әрі қарай тәлімгердің орнына жас маман ауыстырылады.
Отырыс аясында кеңес мүшелері жастар тәжірибесі аясында еңбек лагерьлерін ұйымдастыру арқылы жастарды ауылшаруашылық саласына тартуға ұсыныс білдірді. Сонымен бірге тәжірибе алуға келген әрбір жас маманға өз саласы бойынша білікті тәлімгерді бекіту маңызды екендігін ортаға салды.
10 желтоқсан 2019 ж. 226 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области