Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Аналар кеңесінің отырысы өтті

Аналар кеңесінің отырысы өтті

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы Достық үйінде Халықаралық отбасы күніне орай облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы болып өтті.

Аналар кеңесі отырысының мақсаты отбасы, неке мәртебесін дәріптеу, отбасы құндылықтарын жастар арасында насихаттау болып табылады.
Отырысқа облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің мүшелері, облыстық этномәдени бірлестіктерінің белсенділері, көпбалалы аналар, отбасы, әйелдер мәселелерімен айналысатын ҮЕҰ басшылары қатысты.
Сонымен қатар облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының тәрбие және білім бөлімінің басшысы Әлима Әбдіхалықова, «Ақ босаға» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Меруерт Аңсатова, «Қыз Жібек» қыздар клубының төрайымы Назира Аймаханова қатысып, отбасы мәселесіне қатысты ойларын ортаға салды. Олар отбасы құндылықтарына қатысты ойларымен бөлісіп, тәлім-тәрбиеге қатысты кеңестерін берді.
Отырыс барысында көрермендер тақырыпқа сай бейнероликтер тамашалады.
15 мамыр 2019 ж. 582 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области