Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазгидромет: Желтоқсанның 13-і күнгі ауа райы болжамы

Қазгидромет: Желтоқсанның 13-і күнгі ауа райы болжамы

Kyzylorda-news.kz. 13-ші желтоқсан күні солтүстік циклон мен онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. Кәсіпорын таратқан ақпараттарға қарағанда, 13-ші желтоқсан күні республиканың кейбір аумақтарында жауын-шашын болады, ал кей жерлерінде жауын-шашын, қар мол көлемде түседі.
Тек Қазақстанның шығысы антициклон жотасының ықпалында болғандықтан, күн жауын-шашынсыз болады. Республикамыздың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді, бұрқасын болады.
Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Павлодар облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, түнде бұрқасын, көктайғақ болады.
Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды.
 Түркістан облысында күндіз екпіні 25 м/с жел соғады.
13 желтоқсан 2019 ж. 282 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области