Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Тұман, көктайғақ, екпінді жел: 18 желтоқсан күнгі ауа райы

Тұман, көктайғақ, екпінді жел: 18 желтоқсан күнгі ауа райы

Kyzylorda-news.kz. 18 желтоқсан күні республиканың басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі, солтүстікте қар жауады. Солтүстік-шығыста және шығыста күн ашық, жауын-шашынсыз болады. Жекелеген өңірлерде тұман, көктайғақ, екпінді жел сақталады. «Қазгидромет» РМК мәліметінше, Батыс Қазақстан, Актөбе, Атырау, Манғыстау, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжанады. Қостанай облысында, күндіз Батыс Қазақстан, Актөбе облыстарында бұрқасын болып, желдің күші 15-20 м/с артады.
 Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болып, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, желдің екпіні 15-20 м/с артады. Жамбыл облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі. Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман, күндіз жаяу бұрқасын жүреді.
Қарағанды облысында со,дай-ақ көктайғақ болады.
Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде және таңертең тұман күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз Жалаңашкөл аумағында жел 18-23 м/с артады.
18 желтоқсан 2019 ж. 208 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области