Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Әр ай сайын байырғы халықтардың екі тілі жойылады - БҰҰ

Әр ай сайын байырғы халықтардың екі тілі жойылады - БҰҰ

Kyzylorda-news.kz. Халықаралық қауымдастық қанша күш салғанымен, әр айда байырғы халық өкілдері сөйлейтін екі тіл жойылып жатыр. Олармен бірге білім, салт пен дәстүр қоса кетеді. Бұл туралы БҰҰ Бас ассамблеясы 74-сессиясының Төрағасы Тиджани Мұхаммед-Банде мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.2019 жыл БҰҰ ұйғарымымен Халықаралық байырғы тілдер жылы болып жарияланған. Бас ассамблея кеше осы жылдың қорытындысын жасады. Әлемде байырғы халықтардың 4 мыңға жуық тілі бар. Кейбірінде бірнеше адам ғана сөйлейді. Тиджане Мұхаммед-Банде алдағы онжылдықта көптеген тілдердің жойылып кетуі мүмкін екенін айтты.
«Әр екі аптада кем дегенде бір байырғы ұлттың тілі жоғалады. Айына – екі өлі тіл», - деді Тиджани Мұхаммед-Банде.
Төрағаның айтуынша, қазіргі күні байырғы халықтардың төрт мыңдай тілі ғана сақталған, оларда әлем халқының 6%-ы ғана сөйлейді.
Мұхаммед-Банде барлық халықаралық ұйымдарды тілді сақтау шараларын күшейтуге шақырды.
19 желтоқсан 2019 ж. 222 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области