Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҰЛТТАР ДОСТЫҒЫ – ТАТУЛЫҚТЫҢ ТАЛ БЕСІГІ

ҰЛТТАР ДОСТЫҒЫ – ТАТУЛЫҚТЫҢ ТАЛ БЕСІГІ


Біздің ел ұлттар мен ұлыстар көкке көтеріп тұратын шаңырақ сынды. Кереге мен уықтың байланысы бекем болмаса шаңырақтың шайқалары сөзсіз. Ол – байланыс бірлігіміз. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Шиелі аудандық мәдениет үйінде тілдер мерекесіне арналған өнер фестивалі өтті.
Жиында сөз алған Бауыржан Жаниязов бұл бағытта елімізде қыруар шаруалар жүзеге асырылып жатқанын, Елбасының ұстанған дара саясатын тілге тиек етті. Солардың ішіндегі ең негізгісі Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы екенін де назардан тыс қалдырмады.
Түрі басқа болғанымен тілі бір тіл жанашырларын аудан әкімінің орынбасары марапаттады. Ассамблеяның негізгі бағыты – еліміздің тарихына терең үңіліп, ұлттық дәстүр мен мәдениетті, ана тілімізді сақтау, дамыту және ұлтаралық ынтымақтастық пен сабақтастықты мейлінше өркендету.
Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Елімізде тұратын барлық халықтардың өкілдері ана тілдерінде еркін сөйлей, оқи алуына қолайлы жағдай жасауымыз керек» деп атап көрсеткен болатын.
Ұлтаралық қатынастың жақсы жолға қойылуы, халықтар достығының нығаюы, әсіресе, біздің Қазақстан секілді көпұлтты республика үшін қажет. Ұлттың ұлт болып ұйысып, халық болып қалыптасуына керекті үш нәрсе – тілі, ділі, дінін сақтай білген ел ғана егемендігін баянды, тәуелсіздігін тұғырлы ете алары сөзсіз.
Шараның соңы концерттік бағдарламаға ұласып, келген көрермендер ризашылығын білдірді. Үш тұғырлы тілді ту етіп, дамудың даңғыл жолымен, бүкіл әлем танып, мойындаған ел ретінде тіліміз қуатты, тәуелсіздігіміз баянды болып алға қадам баса берейік.

Шиелі ауданы
11 қыркүйек 2018 ж. 3 393 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области