Қармақшыдағы 14 ауыл жарысқан байқау немен аяқталды?

Екі ай уақытта Қармақшы ауданына қарасты 14 ауылдық округ өзара бақ сынасып, 8 ауыл жартылай финалда сайыс¬ты. Жалпы, өнер фестиваліне 200-ден аса танылмай жүрген талант, ерекше дарын иелері, өнерлі өрендер жарыққа шықты. Жобаның негізгі мақсаты да осы болатын.
Фестивальдің финалына – Төретам кенті, Ақай, Жаңажол және Ақтөбе ауылы өнерпаздарының өнерлерін арнайы жасақталған қазылар алқасы сарапқа салды. Қазылар алқасының шешімімен бірнеше ауылдан келген әжелер ансамбльдері және жеке өнерпаздар «Ұлағат», «Шабыт», «Муза», «Ұлт құндылығы» секілді номинациялармен марапатталды.
Бас жүлдені және 300 мың теңге сыйақыны Жаңажол ауылының өнерпаздары жеңіп алды. І орынды Ақай ауылының өнерпаздары иеленді, ІІ орынды Ақтөбе ауылының, ІІІ орынды Төретам кентінің шығармашылық ұжымы алды.