Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Алматыдағы ұшақ апаты: Марқұмдардың жақындарына өтемақы жарты жылдан кейін беріледі

Алматыдағы ұшақ апаты: Марқұмдардың жақындарына өтемақы жарты жылдан кейін беріледі

Kyzylorda-news.kz. Алматы маңында болған ұшақ апатынан опат болған азаматтардың жақындарна 34 мың долларға жуық сақтандыру ақысы төленеді, деп хабарлайды Хабар арнасы.
Ал жарақат алған адамдарға жарты миллион теңге тағайындалады. Осыған байланысты сақтандыру ұйымы зардап шеккен жолаушыларға дәріханалардан алынған дәрі-дәрімектер үшін төленген ақшаның фискалды чектерін жоғалтпауын өтінді. Заң бойынша тек тиісті құжаттар болған жағдайда ғана сақтандыру ақысы төленеді екен. Сақтандыру ұйымының өкілі Алексей Магдиннің айтуынша, сақтандыру ақысы жарты жылдан кейін тағайындала бастайды.
"Егер дәрілерден бөлек қосымша жабдықтар - балдақтар мен корсеттер және т.б. сатып алынған болса, оның барлығына кеткен шығын өтеледі. Сол себепті біз қазір зиян шеккен азаматтардың барлығымен хабарласып, оларға мәселенің мән-жайын түсіндіретін боламыз. Бақилық азаматтарға келетін болсақ, олардың жақындарына, тіпті олар кәмелеттік жасқа толмаса да сақтандыру ақысы беріледі. дегенмен балалар мұрагерлік жасқа толулары қажет. Заңға сәйкес бұл уақыт жарты жыл болып саналады", - деді сақтандыру ақысын тағайындайтын бөлім жетекшісі Алексей Магдин.
30 желтоқсан 2019 ж. 202 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области