Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 5 қаңтар: Атаулы күндер мен оқиғалар

5 қаңтар: Атаулы күндер мен оқиғалар

Беларусь әлеуметтiк қорғау қызметкерлерiнiң күні
1998 жылдың 26 наурызында Беларусь Республикасы Президентiнiң Жарлығымен бекітілген. Жыл сайын аталып өтедi.

1993 жылы «Ұлттық тест орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны құрылды. ҰТО-ның басты қызметі - Қазақстанның білім беру жүйесіне мониторинг жасау және барлық түрдегі сыртқы емтихандарды ұйымдастыру және өткізу, тест тапсырмаларының базасын құрастыру.

1998 жылы Түрікменстанның астанасында ТМД-ға кіретін ортаазиялық бес мемлекеттің - Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Тәжікстан басшылары кездесті.

2006 жылы даңқты қолбасшы және жазушы Бауыржан Момышұлының мерейтойы құрметіне, батырдың туған жері - Жамбыл облысында «Баукең туралы толғаныстар» деп аталатын публицистикалық очерктер мен әңгімелер жинағы жарық көрді. Бұл жинаққа Қасым Қайсенов, Шерхан Мұртаза, Әзілхан Нұршайықов сынды танымал жазушылар мен әр жылдары атақты жерлестерімен кездескен жамбылдық авторлар - Елен Әлімжанов, Әлдихан Қалдыбаев, Мақұлбек Рысдәулет және тағы басқалардың туындылары жинақталған

2009 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Кеден қызметіндегi ынтымақтастық және өзара көмек көрсету туралы Шанхай ұйымына мүше-мемлекеттер үкiметтері арасындағы Келiсiмдi ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
05 қаңтар 2020 ж. 235 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области