Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада 8 рет ұрлық жасап, үй тонаған 17 жастағы күдікті ұсталды

Қызылордада 8 рет ұрлық жасап, үй тонаған 17 жастағы күдікті ұсталды

Kyzylorda-news.kz. Қызылордалық тәртіп сақшылар жедел профилактикалық шара барысында 17 және 21 жастағы пәтер ұрыларын жер үйлердің біріне ұрлыққа түсіп жатқан жерінен қолға түсірді. Тергеу барысында бұл азаматтардың 5 ұрлық және 3 тонау қылмысына қатысы бар екендігі анықталып, қылмыстары толық  дәлелденді.  Заттай дәлелдеме ретінде бірнеше заттар алынып, жәбірленушілерге қайтарылды.  Ұрылар жәбірленушілерге 1,5 млн теңге шығын келтірген.
 «Барлық фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 3-бөлігі (ұрлық)  және 191-бабы (тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды», - деп хабарлайды Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
05 қаңтар 2020 ж. 358 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области