Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазалы ауданының шекарасы кеңейеді

Қазалы ауданының шекарасы кеңейеді

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысындағы 150 жылдық тарихы бар Қазалы қаласының аумағы кеңейеді, деп хабарлайды «Хабар 24».Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласы бір елді мекен болып қосылады. Бүгінде аудан орталығын жаңа бас жоспарға сәйкес дамыту жұмыстары қарқынды жүруде. 441 гектар жерге инженерлік инфрақұрылым желілері тартылып, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар бой көтере бастады. Қазіргі таңда бұл аумақтан 250 орынды аурухана, сот ғимараты, рәміздер алаңы мен саябақ салынды. Аудандық мекемелер ғимараты мен мәдениет үйінің де құрылысы аяқталуға жақын. Алдағы уақытта 12 көп қабатты тұрғын үй мен бірнеше ірі кәсіпкерлік нысандарының құрылысы басталады деп күтілуде.
«Биылғы жылы Қазалы қаласының 180 гектарының электр желісі, газбен жабдықтау, ауызсумен қамтамасыз ету, жолы аяқталады. Сонымен қатар Қазалы қаласында 81 гектарға жүргізілген жол инфрақұрылымдары да шешімін табады», - дейді Қазалы аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Қуаныш Жұбатқанов.
05 қаңтар 2020 ж. 212 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области