6 қаңтар: Ел тарихында орын алған оқиғалар

1971 жылы Алматыда Қазақстандағы алғашқы Ғылыми-техникалық ақпарат орталығы құрылды.
2009 жылы «Қазақ медициналық академиясы» АҚ «Астана медициналық университеті» АҚ болып қайта құрылып, «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ-ның құрамына кірді.
2010 жылы «Қазпошта» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалығына арналған көркем суретті пошта маркасын айналымға шығарды. Төрт бояулы офсеттік баспа әдісімен орындалған марканың номиналы 230 теңге, таралымы 30 мың дана, суретшісі - Данияр Мұхамеджанов.
2012 жылы Қызылорда облыстық мәдениет басқармасы «Қайталанбайтын дауыстар» дискілер жинағын шығарды. 28 дисктен құралған бұл жинаққа өңірден шыққан 225 танымал өнер және әдебиет қайраткері, әртістер мен ғалымдардың әндері мен күйлері, сондай-ақ әдеби шығармалары енді. Солардың ішінде Мұстафа Шоқай, Әбділдә Тәжібаев, Мұхамеджан Қаратаев, Асқар Тоқмағамбетов, Әуелбек Қоңыратбаев, Зейнолла Шүкіров, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Қалтай Мұхамеджанов секілді танымал тұлғалар бар.
2012 жылы Мемлекет басшысы «Ғарыш қызметі туралы» Заңға қол қойды. Бұл Заң Қазақстан Республикасында ғарыш қызметі саласының қоғамдық қатынасын реттейді.