Халық қалаулылары шиеліліктермен кездесті
Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің дептаттары Смағұл Бақытбек пен Шиповских Геннадий Шиелі ауданында болып, Телікөл, Иіркөл ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесіп, аудандағы бірқатар өндіріс орындарын аралап, жұмыстарымен танысты.Халық қалаулылары ат басын алдымен Телікөл ауылдық округіне қарасты, Ә.Тәжібаев елді - мекеніне бұрып, ауыл тұрғындарымен ашық диалог орнатты.
Кездесу барысында депутаттар Парламент Мәжілісінің қызметі туралы әңгімелеп, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың, сондай-ақ жүйелі реформаларды жалғастырудың маңыздылығына тоқталып, қазіргі таңда ел игілігі үшін барлық жағдай жасалуда.
Ал ауылдық жерлерде бизнесті, яғни кәсіпкерлікті дамыту қарқынды қолға алынуда. Білім мен денсаулық саласына бөлінетін қаржы да жыл санап өсіп келе жатқанын тілге тиек етті. Бұдан соң қонақтар «Гежуба» Шиелі цемент зауыты мен "Семізбай-U" ЖШС "Иіркөл" филиалы жұмысшыларымен де кездесіп, олардың ұсыныс тілектерін тыңдады.
Сондай-ақ, даңқты күрішші Ыбырай Жахаев ауылына барып, әруағына құран бағыштады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ы.Жахаев музейінде болып, оның еңбегін кейінгі ұрпаққа насихаттаудағы жұмысымен танысты.