Онлайн сауда: Интернет-дүкен арқылы сатып алынған тауарды қайта өткізуге болады ма?
Kyzylorda-news.kz. Ғаламтор біртіндеп әлем кеңістігін жаулап алумен қатар, оны пайдаланушылардың да саны күннен күнге артып келеді. Бұл тұрғындардың ғаламтор арқылы ала алатын қызметтерінің де дамып келе жатқандығын көрсетеді. Ал ғаламтордағы қызмет түрлерінің ең танымалы бұл интернет-дүкендер арқылы сатылымдар, онда барлығы да бар: аяқ киім, азық-түлік, автокөліктер, үйлер, косметика, ыдыс.
Интернет-дүкендер неліктен осыншама танылған? Себебі онда сатып алу оңай. Интернет-дүкен – өзінің мәні бойынша бұл тауарлардың электронды катологы. Бүкіл тауарлар сипатталған, толық мінездемелерімен қамтамасыз етілген, түрлі ракустерден жасалған фотосуреттері бар, бағасы көрсетілген. Онда сізге қажет затты өзіңіз іздейсіз, тапсырысты рәсімдейсіз және курьер немесе пошта арқылы жеткізілген тауарды аласыз. Жеткізудің түрін де өз бетіңізбен таңдай аласыз.
Интернет-дүкеннің кәдімгі дүкендермен салыстырғандағы зор артықшылығы – бағасы мен қажет мінездемесі бойынша сай тауарды табу жеңіл. Ештеңені де жазып алудың немесе есте сақтаудың қажеттілігі жоқ, тек тауарды таңдау мәзірінде бағалар диапазоны мен қажет сипаттамаларын енгізіп, іздегеннің тізімін аласыз. Таңдауыңызды жасау ғана қалады. Одан бөлек сіз кассада кезекте тұрмайсыз, сатылымды рәсімдеуді күтпейсіз, сіз өзіңіз тапсырыңызды оп-оңай рәсімдейсіз.
– Электронды сауда өзінің қызмет аясын кеңейтіп келе жатқандығына қарамастан, электронды сатып алуларды қауіпсінетін сатып алушылар бар. Бірақ электронды дүкендер өзінің мәні бойынша кәдімгі дүкен сияқты. Ресми түрде жұмыс істейді, салықтар төлейді, өздерінің кассалық аппараты, мөрі де бар. Тек қызмет көрсету формасы басқа – онлайн, – деп түсіндіреді осындай дүкеннің иесі Никита. – Үлкен әбестіктердің бірі – егер сайтта сатып алынған тауар сізге ұнамаса, оны қайтару өте қиын.
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қызылорда облысының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті мамандарының сөзінше, шын мәнінде интернет-дүкен арқылы сатып алынған тауарларды қайтару оңай, тек барлық ережелерді сақтау керек. Біріншіден, біздің елімізде интернет арқылы сатып алулар келесі заңнамалық актілермен реттелетінін білу қажет:
Тапсырыс. Тапсырыс интернет-дүкеннің сайтында құрылады. Яғни осы тапсырыс сатып алу – сату келісімі болып табылады. Онда сатып алынатын тауардың барлық мінездемесі, оның бағасы, қызмет мерзімі мен жарамдылық мерзімі, кепілдік мерзімі, төлеу әдісі мен жеткізудің түрі көрсетіледі. Тауар пошта немесе курьерлік қызмет арқылы сатып алушыға жеткізілгенде онымен бірге жазбаша түрде тауар арқылы ақпарат жеткізіледі. Егер тауар әлі жеткізілмесе, сатып алушы одан кез келген уақытта бас тарта алады.
Тауарды айырбастау және қайтарып алу. Бұл жағдайлар тауар пайдаланылмаған болып, оның тауарлық өңі, тұтынушылық қасиеттері, пломбалары, фабрикалық затбелгісі, сатып алушыға тауармен қоса берілген тауарлық немесе кассалық чегі сақталған жағдайда жүзеге асырылады. Егер сізде бұл құжаттар болмаса, сатып алу фактісін басқаша дәлелдей аласыз. Сондықтан сатып алғаннан кейін шот-фактура, орамасын (егер сіз тауарды қайтаратын болсаңыз, ол міндетті түрде керек болады), төлем чектерін лақтырмаңыз. Интернет-дүкен сайтындағы тауарды сату және қайтару ережелері бар беттің және сатып алу көрсетілген сіздің жеке кабинетіңіздің скриншотын жасауға да болады. Егер сіз сотқа дейін жеткен жағдайда бұл көмек беруі мүмкін.
Қайтаруға болмайтын тауар түрлері де бар, әрине, егер ол сапалы болып, өзінің мінездемесіне толық сәйкес болса. Бұл сіз үшін ғана жасалған, сіз ғана пайдалана алатын ерекше тауар, мысалы тапсырыспен тігілген киімдер.
Өз құқықтарыңызды қорғап, сауатты тұтынушы болыңыз!