Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Православ христиандарының мерекесі: Нені білу қажет?

Православ христиандарының мерекесі: Нені білу қажет?

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы ТЖД қыхзметкерлері бұқаралық ақпарат құралдарымен бірге «Крещение Господне» мерекесіне арнайы дайындалған суға түсу орындарын аралап, ондағы қауіпсіздік мәселелерін талқыға салды.Аралау барысында шаһардағы «Крещение Господне» мерекесіне орай орталық шіркеу ауласында, сондай-ақ, Сырдария өзені жанындағы Жедел құтқару жасағының  құтқару стансасында суға түсетін және су алатын арнайы орындар жабдықталатыны белгілі болды.  Мұнда азаматтардың  қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Төтенше жағдайлар департаменті және Апаттар медицинасы орталығының  жеке құрамынан 25 қызметкер, 4 бірлік техника кезекшілікті жүзеге асыратын болады. Олардан өзге қауіпсіздік  іс-шараларына еріктілер жұмылдырылмақ.
Жүйелі түрде мұзойыққа түсу ағзаны сауықтыруға ықпал етеді. Осы орайда Қызылорда облысының ТЖД-і ойықта шомылудың мынадай қағидаларын ескертеді.
1.    Мұзойыққа түсу нұсқаушыларының бақылауымен жағалаудың жанында арнайы жабдықталған ойыққа суға шомылу керек.
2.    Суға шомылар алдында түрлі жаттығуларды жасай отырып, денені қыздыру қажет.
3.    Аяқтың сезімталдығын жоғалтпау үшін, ойыққа ыңғайлы, тайғанақ емес және оңай сырғитын аяқ киіммен бару керек. Ойыққа жету үшін ең дұрысы бәтеңке немесе жүн шұлықты қолданған жөн. Мұзда сырғанамайтын арнайы резеңке аяқ киімді қолдануға болады.
Есіңізде болсын! Ойыққа баратын жол тайғақ болуы мүмкін. Ол жерден баяу және мұқият өтіңіз.
4.    Ойыққа баспен сүңгімеңіз. Суға баспен секіруге болмайды, себебі ол температураның жоғалуын арттырады.
5.    Жалпы ағзаның салқындауын болдырмау үшін ойықта 1 минуттан артық тұрмаңыз.
6.    Егер балаңыз Сізбен бірге болса, оны ойыққа шомылған кезде бақылаңыз. Қорқып қалған бала жүзе алатынын оңай ұмытуы мүмкін.
7.    Тек сақтық шараларын мұқият сақтаған жағдайда ғана мұздай суға шомылу кезіндегі жарақаттар мен жазатайым оқиғалардың алдын аласыз.
8.    Қыста суға түсу барлығына бірдей пайдалы емес. Жүрек-тамыры ауруына шалдыққан адамдарға, жүкті әйелдерге, 12 жасқа дейінгі балаларға суға түсуге болмайды.
17 қаңтар 2020 ж. 238 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области