Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордадағы автобус апаты: 11 адамның өліміне кінәлілер анықталды

Қызылордадағы автобус апаты: 11 адамның өліміне кінәлілер анықталды

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада «Саутс-Ойл» компаниясының 11 вахталық жұмысшысы қаза тапқан жол апатына кінәлі адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.Естеріңізге сала кетелік, аталмыш оқиға 2019 жылдың 3 желтоқсанында орын алды. Соның салдарынан «Саутс-Ойл» компаниясының 10 адамы мен автобус жүргізушісі қаза болды.
«Аталмыш оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша тергеу амалдары басталды. Онда абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет жағдайы көрсетілген», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық прокуратурасы.
Ведомствоның мәліметінше, өз міндетіне салғырт қарағаны үшін «Саутс-Ойлдың» вахталық жұмысшыларын тасымалдаумен айналысқан компания директоры қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Сондай-ақ, «Саутс-Ойл» ЖШС вахталық ауысым бастығы мен «Автотранс» ЖШС директорына қылмыстық іс қозғалды. Олар синоптиктердің дабылды ескертуін қаперге алмаған. Автобустың техникалық жағдайына мән бермеген. Оған қоса жүргізушіде жолдама парағының жоқтығына қарамастан көктайғақта жолға шығуына рұқсат берген.
21 қаңтар 2020 ж. 173 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области