23 қаңтар:Атаулы күндер мен оқиғалар
Бүгінде баспа, сандық ақпарат жаулап алған кезеңде әділетсіз ұмыт болған қолмен жазылған хаттың маңыздылығын көпшіліктің есіне түсіруге арналды. Бұл мерекенің күнтізбеге енгізілуіне бастамашылық еткен Жазу құралдарын өндіру қауымдастығы болды.
1982 жылы Қазақтың академиялық опера және балет театрында «Ақан сері - Ақтоқты» операсының премьерасы өтті. Алғашқы қойылымда бас партияларды Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері Хорлан Қалиламбекова мен Кенжеғали Мыржықбаев орындады. Операның авторы - Сыдық Мұхамеджанов. Либреттосын жазған Ғабит Мүсірепов.
1992 жылы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі отырысында Қазақстан Республикасын БҰҰ-ға мүше етіп қабылдау туралы қарар қабылданды. 1992 жылғы наурыздың 2-сінде Қазақстан БҰҰ-ның толық мүшесі болды.
1995 жылы Брюссельде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Еуропа ынтымақтастығы кеңесінің төрағасы Ален Жюппе Қазақстан Республикасы мен Еуропа ынтымақтастығы арасындағы серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
2008 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің жыл сайынғы «Парыз» конкурсын өткізіп отыру туралы Жарлыққа қол қойды. Қазақстанның жеке кәсіпкерлік субъектілерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік принциптерін қалыптастыру мен ілгерілету және оларды осы саладағы ең үздік тәжірибені енгізуге ынталандыру мақсатымен құрылған.
2015 жылы Мемлекет басшысы «Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника, әдебиет және өнер саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлықтары туралы» Жарлыққа қол қойды.