Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 2 қаңтар: Атаулы күндер мен оқиғалар

2 қаңтар: Атаулы күндер мен оқиғалар

Швейцарияда Әулие Бертольд күні
Жаңа жылдық мерекеден кейін - Әулие Бертольд күні Берн қаласының қаланғанына орай аталып өтеді. Елдің астанасы - Берннің негізі
1191 жылы қаланды. Бұл туралы Бургундия үкіметінің Бесінші Церингер Бертольд герцогінің қаулы шығарған болатын.

1968 жылы «Вечерний Алматы» қалалық газетінің алғашқы саны жарық көрді. Басылым қала әкімшілігі мен мәслихатының, қоғамдық және мәдени ұйымдарының тұрмысындағы жаңалықтарды, кәсіпкерлік, іскерлік, сауда және көлік саласындағы ақпараттарды жариялап тұрады.

1992 жылы Қазақстан Республикасының Инженерлік академиясы құрылып, оның президенті болып қоғам және мемлекет қайраткері, техника ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Өмірбек Жолдасбеков сайланды.

1992 жылы Норвегия корольдігі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін мойындады.

1992 жылы Қазақстан Республикасы Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше болды.
02 қаңтар 2020 ж. 259 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области