Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 9 жасар қыз соңынан аңдыған ер адамды алдап кетті (ВИДЕО)

9 жасар қыз соңынан аңдыған ер адамды алдап кетті (ВИДЕО)

Kyzylorda-news.kz. Мәскеу облысының Ступино қаласында 9 жасар қыз артынан аңдып жүрген ер адамды алдап кетті. Бұл оқиға тұрғын үйдің бейнекамерасына жазылып қалды, деп хабарлайды SputnikҚазақстан.Видео әлеуметтік желілер арқылы жылдам тарап кетті. Кадрде оқушы қыздың кіреберіс есікке қарай жүріп келе жатқаны көрінеді. Ал ер адам артынан аңдып жүрді. Кішкентай қыз кіреберіске кіріп, біршама жүргеннен кейін қуысқа бұрылып кетеді. Мұны артында келе жатқан ер адам байқамай қалған. Сөйтіп, лифтке қарай өтіп кетеді.
Ер адам кіреберіс есіктің ашылғанын естігеннен кейін артқа қарай жүреді. Осы уақыттың ішінде 9 жасар қыз далаға шығып үлгереді. Ал бірнеше секундтан кейін таныс біреумен үйге кіреді.
Желі қолданушылары айла тауып құтылып кеткен қызды жарыса мақтап жатыр. Бірақ видеоны әдейі солай түсірген дейтіндер де бар. Ал кішкентай қызды аңдыған ер адамның кім екені анықталды. Ол психоневрологиялық диспансердің тіркеуінде болған.

22 қаңтар 2020 ж. 195 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области