Қызылордада зират қоршауларын ұрлағандар қолға түсті
Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қалалық Полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерінің жедел іс-әрекетінің арқасында осы ұрлықты жасады деген күдікпен 36 жастағы екі қала тұрғыны қолға түсті.Анықталғандай, олар ұрланған заттарды металл қабылдау пунктіне тапсырған. Тексеру барысында күдіктілер облыс орталығының аумағында жасалған осы тектес екі қылмысқа қатысы бар екені анықталды. Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды.
Барлық фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

























