Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 30 қаңтар: Атаулы күндер мен оқиғалар

30 қаңтар: Атаулы күндер мен оқиғалар

Мектептерде бейбітшілік және күш қолданбау күні

1964 жылы испан ақыны, мұғалім және пацифист Лоренцо Видал бұл күнді бекітуге бастамашылық еткен. Осы күнді атап өтуге түрлі елдердегі білім беру мекемелері, ұстаздар мен оқушылар қатыса алады.

1992 жылы Қазақстан Республикасы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына кірді. Осы ұйымға 2010 жылы Қазақстан төрағалық етіп, 1-2 желтоқсан күндері Астана Саммитін өткізді.

2004 жылы Ресей Федерациясының Омбы қаласында қазақтың ұлы ғалымы, этнограф Шоқан Уәлихановқа ескерткіш орнатылды. Ескерткіш Омбыдағы Шоқан Уәлиханов атындағы көшеге қойылды. Мүсін авторы - Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, доцент Азат Баярлин.

2013 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Еуропалық университеттер қауымдастығына мүше болды.

2018 жылы Қазақстанда ҚР Президенті жанындағы Цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия құрылды. Оның міндеті - Қазақстандағы цифрландыру мен цифрлық технологиялар енгізу мәселелері бойынша ұсыныстар беру.
30 қаңтар 2020 ж. 254 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области