Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 30 қаңтар:Атаулы күндер мен оқиғалар

30 қаңтар:Атаулы күндер мен оқиғалар

1934 жылы Шымкент қорғасын зауыты іске қосылды. Ол ТМД елдеріндегі қорғасын шығаратын ірі зауыттардың бірі.

1992 жылы Қазақстан Республикасы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына кірді.

1992 жылы
Алматы қалалық «Қазақ тілі» қоғамының қазақ тіліндегі «Астана» газеті жарық көрді.

2004 жылы Ресей Федерациясының Омбы қаласында қазақтың ұлы ғалымы, этнограф Шоқан Уәлихановқа ескерткіш орнатылды. Ескерткіш Омбыдағы Шоқан Уәлиханов атындағы көшеге орнатылды. Мүсін авторы - Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, доцент Азат Баярлин.

2007 жылы Мәскеу монета сарайы қасиетті Құран кітабын алтыннан жасап шығарды. Коммерциялық фирмалардың бірінің тапсырысы бойынша дайындалған мұсылмандардың басты кітабының мұндай данасының бірінші иегері Ресей президенті Владимир Путин болды. Алтын Құранның нақты бағасы жария етілмеген. Тек «бірнеше ондаған миллион рубль» туралы сөз болғаны белгілі. Кітапты жасауға 14 килограмм 999-шы сынамалы алтын жұмсалған. Құранда араб қарпімен жазылған 163 алтын парақ бар. Олардың биіктігі - 14 см, ені - 10 см. Кітаптың басылуын «Әлемдік саяхат» жарнама фирмасының осы жоба үшін арнайы құрылған еншілес кәсіпорны қаржыландырған. Басылымға қасиетті кітаптың VIII ғасырда жазылған көне қолжазбасы түпнұсқа ретінде алынған. Қасиетті кітаптың 10 көшірмесін жасау көзделген. Олардың барлығы ислам негізгі дін болып табылатын мемлекеттердің басшыларына сыйға тартылады.

2008 жылы Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Бурабай» курорттық аумағын дамыту жобасы таныстырылды. «БФ Глобал» түрік компаниясы жасаған жоба Щучье көлінің жағасында әлемдік деңгейдегі туристік ойын-сауық кешенін құруды қарастырады. Онда қазіргі заманғы талаптарға сай 3700 нөмірлік 9 қонақ үй салу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, жалпы ауданы 21 мың шаршы метрден асатын ойын-сауық және сауда орталықтары салынады. Кешенге бірнеше казино, 700-ден астам жеке меншік коттедждер мен 1620 пәтерлік 4-5 қабаттан тұратын тұрғын үйлер кіреді. Жобаны жүзеге асыру «Бурабай» курорттық аумағын танымал жазғы және қысқы демалыс орны ретінде дамытуды көздейді. Гольф-клубтар, ат-спорт орталығы, шыңға өрмелеуге арналған учаскелер осында әлемнің түпкір-түпкірінен туристерді тартады. Қыста демалуды сүйетіндер үшін онда мұз айдындары, шаңғы жолбағыттары мен осы заманғы көтергіштері бар тау шаңғысы жолдары ұйымдастырылады. Жобаны 5 кезеңге бөліп, 12 жылда жүзеге асыру жоспарланып отыр. Президент жобаны жасаушыларға курорттық аймақтың көлік инфрақұрылымын салу қажеттігін ескертті. Елбасы «Бурабай» курорттық аумағы Қазақстанның інжу-маржаны екендігін атап өтті. Ормандарды қолдан келгенше сақтап, шабылған ағаштардың аумағын қалпына келтіру қажет.

2011 жылы Астанадағы «Қазақ елі» монументі алдында Азиада-2011 алауы жағылып, қала бойынша алау эстафетасы басталды. Азиада алауын Президенттік мәдени орталық директоры Мырзатай Жолдасбеков тұтатып, алауды Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовке ұсынды. Елорда көшелерінің бойымен 100 адам алауды ұстап өтті. Олардың ішінде - ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев, Парламент Сенатының депутаты Қуаныш Сұлтанов, бокс федерациясының төрағасы Тимур Құлыбаев, 5 жасар баланы өрттен құтқарып қалған Жандос Ілияс және т.б. болды. 5 жыл бұрын (2012) Парижде Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Нұрлан Дәненов Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) бас хатшысы Висенте Гонсалес Лоссерталеске Қазақстан Республикасының Астанада ЕХРО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге Өтінім-досьесін тапсырды
30 қаңтар 2019 ж. 420 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области