Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Еңбек» бағдарламасы арқылы 600 мың адам жұмыспен қамтылған

«Еңбек» бағдарламасы арқылы 600 мың адам жұмыспен қамтылған

Kyzylorda-news.kz. Елімізде өткен жылы жұмыспен 660 мың адам қамтылды, деп хабарлайды «Хабар 24».Оның 40 проценті жұмыссыздар болса, 36 проценті жастар, тағы 2 проценті табысы аз көпбалалы отбасылар. Бұл туралы 2019 жылы «Еңбек» бағдарламасы бойынша атқарылған іс-шараларды саралаған баспасөз мәслихатында айтылды. Сала өкілдерінің сөзінше, былтыр елімізде 424 мың жаңа жұмыс орны құрылған. Бұл бағыттағы шаралар биыл да жалғасады. Әсіресе, көпбалалы отбасыларды қолдау ерекше болмақ. Қаржылай грант алған жанұялардың жарты жылға дейін табысы есепке алынбайды.
«Бұл көмекке мұқтаж жандардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға айтарлықай септігін тигізбек», - дейді министрлік өкілдері.
 
«Негізінен гранттарды көпбалалы отбасылар АӘК алушылардың санын азайту үшін береді. Көбісінде грантты алсақ, атаулы әлеуметтік көмектен қағыламыз деген қауіп болды. Себебі табысқа кіріп кетеді. Сондықтан біз мынадай өзгеріс жасадық, 530 мың грантты, одан түсетін түсімді алты айға дейін табыс деп санамаймыз. Себебі бүгін грант алған адам ертең табыс тауып жатыр деу мүмкін емес. Сол үшін сондай жеңілдік бердік», - дейді ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бірінші орынбасары Ержан Жылқыбаев.
05 ақпан 2020 ж. 177 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области