Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Головкин соңғы онжылдықтағы үздік боксшылардың бестігіне енді

Головкин соңғы онжылдықтағы үздік боксшылардың бестігіне енді

Kyzylorda-news.kz. Boxingscene.com сайты соңғы онжылдықтағы мықты 20 боксшы рейтингінің бірінші бөлігін ұсынды. Оған орта салмақтағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат
GGG мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес, америкалық Флойд Мэйвезер және тағы бір америкалық Теренс Кроуфордтан кейінгі төртінші орынға жайғасты.
«Қазақстандық боксшы ала алмаған орта салмақтағы екі марапат бар: WBO белбеуі мен желілік чемпион тәжі. Головкиннің біріншісін жеңіп алуға ешқашан мүмкіндігі болған жоқ. Көпшілік әлі күнге дейін Сауль Альвареспен бірінші айқаста екінші титулды Головкин алуы керек еді деп есептейді. Головкинге сыншылар қаншама жұлдызды қарсылас ұсынса да, ол ТОП-10-дағы боксшылармен айқасқысы келді. Марвин Хаглер мен Бернард Хопкинс те дәл осылай жасаған еді.
Головкин мықты беделге ие бола отырып, 18 нокаутпен декаданы бастады. Ақырында ол жалғыз санаттағы төрт басты титулдың үшеуін біріктірген әлем чемпионы атанып, оны өзінің «үйі» деп атады», - делінген материалда.
08 ақпан 2020 ж. 177 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области