Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Арал теңізі маңындағы су басу қаупі жоғары елді мекен тұрғындары көшірілді

Арал теңізі маңындағы су басу қаупі жоғары елді мекен тұрғындары көшірілді

Арал теңізі маңындағы су басу қаупі жоғары елді мекен тұрғындары түгелдей көшірілді.Қазір Сырдария бойындағы шаруа қожалықтарының төрт түлігі өзге жайылымдарға шығарылып жатыр. Ақлақ су тоспасына секундына 209 текше метр су келіп жатыр. Ол былтырғы деңгейден 2 есеге төмен. Бірақ өзен арнасының теңізге құяр сағасында қалыңдығы 25 сантиметрлік мұз ұстасып тұр. Сондықтан сең қозғалған сәтте мұз кептелісі болуы мүмкін.
Қорғаныс бөгеттерін нығайтып жүрген сала мамандарының болжауынша судың мол көлемі Арал ауданына наурыздың орта шенінде жетеді. Күндіз-түні өзен жағалаған құтқарушылар 25 техникасымен қыр басында болуы ықтимал төтенше жағдайға дайын отыр. Биыл өзге өңірлер секілді Аралға да қар көп жауды. Салқын ызғар сәл сынған сәтте ақ ұлпа еріп, аудан орталығы көшелеріне су жайыла бастады.
«Арал қаласындағы 216 көшенің 28-сі қауіпті аймақта. Ол жерді қардан тазаладық. Жалпы аудан көлеміндегі, оның ішінде Арал қаласындағы 12 мыңнан астам жеке тұрғын үйдің бірде-бірінің есігінен су кірген жоқ. 2 жарым мың пашын қамыс, 10 мыңның үстінде қап, басқа да инертті материалдар Аманөткел ауылдық округінің базасында тұр. Қосымша 10 тонна дизель, 5 тонна бензин дайын тұр», - деді Арал ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев.
17 ақпан 2020 ж. 185 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области