Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалық кәсіпкер әлі табылмай жатыр

Қызылордалық кәсіпкер әлі табылмай жатыр

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада белгілі кәсіпкер Тынымбай Баженовтің жоғалып кеткеніне үш тәулік болды. Алайда кәсіпкер әлі табылған жоқ.Қазіргі таңда Тынымбай Баженовты жан-жақты іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Кәсіпкерді іздестіруге акция ұйымдастырылып, оған барлық қызылордалық еріктілер қатысуда. Бұған дейін 40-тан астам ерікті қала тұрғынын іздеуге шыққан болатын. «Facebook» әлеуметтік желісін қолданушы Серік Ерімбетов өз парақшасында қала тұрғындарынан көмек сұрауда.
«Кәсіпкерді іздеуге арналған акцияға атсалысуға 18 жастан асқан барлық қала тұрғынын шақырамын. Қазір кәсіпкердің жоғалып кеткеніне үш тәулік болды. Қаланың барлық аймағын, құдықтардың ішін, арықтар мен ескі ғимараттардың ішін қарап шығуды өтінемін. Осыған қатысты қандай ақпарат болса да, акцияны ұйымдастырушы Бауыржанның 8-771-479-99-99 телефон нөміріне хабарласуды сұраймын», - дейді Серік Ерімбетов парақшасында.
Сонымен қатар қызылордалық полицейлер де күндіз-түні іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
«Аталған дерек Қызылорда қалалық Полиция басқармасында тіркелді. Қазір жедел іздестіру шаралары жүргізілуде. Полицейлер моншақ тізбегі бойынша және итпен бірге іздеу жұмыстарын жүргізуде» деп хабарлайды Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бұған дейін қызылордалық кәсіпкер Тынымбай Баженовтың 15 ақпаны күні таңғы сағат 05:00-де Орталық стадионның маңында жоғалып кеткенін хабарлаған болатынбыз.
17 ақпан 2020 ж. 239 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области