Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Сауда министрі азық-түлікті қай жерден арзанға сатып алуға болатынын айтты

Сауда министрі азық-түлікті қай жерден арзанға сатып алуға болатынын айтты

Kyzylorda-news.kz. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов сауда саласын цифрландыру азық-түлік бағасын төмендетуге мүмкіндік береді деп санайды. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.Сұлтанов азық-түлік саудасын дамыту мақсатында "Onay Bazar" мен "HHappyFood.kz" электронды платформаларын дамытуға қолдау көрсетілгенін айтты.
"Олар тұтынушыға үйден шықпай-ақ тауар сатып алуға мүмкіндік береді. Мәселен, базардағы сәбіз 100 теңгеден сатылса, Onay Bazar-да 85 теңге ғана тұрады", - деді ол үкімет отырысында.
Айтуынша, фермерлердің отандық өнімді бәсекеге қабілетті бағамен сатуы үшін "Agro Labs" платформасы әзірленіп жатыр.
"Сауда саласын цифрландыру азық-түлік бағасын төмендетуге мүмкіндік береді деп ойлаймыз", - деді министр.
Қазір нарықта шамамен 13 қазақстандық сауда алаңы жұмыс істейді. Kaspi.kz, flip.kz, chocofamily, mechta.kz және де басқа электронды коммерция платформаларында тауарлар мен қызметтердің шамамен 20-дан астам категориясы бар.
Сондай-ақ, сауда министрлігінің қолдауымен "BTS Digital" компаниясы "PRICE SCANNER" қосымшасын әзірлеп жатыр. Ол әлеуметтік маңызды және де басқа да азық-түліктің бағасын бақылап отыруға мүмкіндік береді.
Бұдан бөлек, ведомство "бір терезе" қағидаты бойынша шағым қабылдаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін құруды көздеп отыр. Бұл жүйенің көмегімен тұтынушы интернет арқылы шағымдана алады.
18 ақпан 2020 ж. 251 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области