Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Алматыдағы ұшақ апат қалай болды? (ВИДЕО)

Алматыдағы ұшақ апат қалай болды? (ВИДЕО)

Kyzylorda-news.kz. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Алматы түбінде апатқа ұшыраған ұшақтың қалай құлағанын көрсетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.ИИДМ авиациялық оқиғаларды тергеу басқармасының өкілдері Алматы түбінде ұшақтың құлаған сәтін визуализациялады.
Бір жарым минуттық роликте әуе кемесінің қандай биіктікке көтерілгені, жылдамдығы, қисайған сәті мен қозғалтқыш жұмысының параметрлері көрсетілген.
Мемлекетаралық авиация комитетінің бас директоры Виктор Сороченконың айтуынша, Fokker 100 ұшағы 6 метрге дейін көтеріліп, содан кейін төмен ылдилаған.Визуализация мемлекетаралық авиация комитеті техникалық зертханасының базасында жасалды. Соронченконың айтуынша, мұндай оқиғалар авиация практикасында бұған дейін де болған.
«Бұл апаттың 2007 жылы Францияда болған әуе апатымен ұқсастығы көп. Мемлекетаралық авиация комитетінің мамандары апатқа жан-жақты талдау жүргізді. Франция органдары осы ұшақ апатына қатысты мәліметтер мен ұшу параметрлерін бізге тапсырды», - деді ол.

19 ақпан 2020 ж. 263 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области