Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 21 ақпан: Атаулы күндер мен оқиғалар

21 ақпан: Атаулы күндер мен оқиғалар

Дүниежүзілік ақпаратты басқару күні
Жыл сайын ақпанның үшінші бейсенбісінде атап өтіледі. Қазіргі замандағы ақпаратты басқарудың маңыздылығына назар аудару мен оның қағидалары туралы жұртшылықты хабардар ету мақсатында бекітілген.
Ана тілінің халықаралық күні

1999 жылғы қарашада ЮНЕСКО Бас Конференциясы 30-сессиясының шешімімен бекітілген және 2000 жылғы ақпанның 21-інен бастап тілдік және мәдени әр алуандықты қорғау мақсатында атап өтіледі.

1987 жылы Қызылорда қаласындағы Мәдениет көшесіне интернационалист-жауынгер Б.Шалғынбаевтың есімі берілді.

1992 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Үндістан Премьер-министрі Нарасимха Рао Қазақстан Республикасы мен Үндістан Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылуы туралы хаттамаға, Үндістан Мемлекеттік банкі мен Қазақстан Сыртқы экономикалық қызмет банкі арасындағы келісімге, ҚР Үкіметі мен ҮР Үкіметі арасында консулдық катынастардың орнатылуы туралы хаттамаға қол қойды.

1992 жылы Атырау облысының Балықшы ауданындағы орта мектепке ақын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Фариза Оңғарсынованың есімі берілді.

2005 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Экстремизмге қарсы әрекет туралы» Заңға қол қойды.

2018 жылы Анкарада «Алаштың ақиық ақыны: Мағжан Жұмабаевқа 125 жыл» конференциясы өтті және Кечиорен ауданындағы саябақта Мағжан Жұмабаевтың ескерткіші ашылды. Аталған шаралар ТҮРКСОЙ Халықаралық түркі мәдениеті ұйымы жариялаған «Мағжан Жұмабаев жылы» аясында өткен болатын.
21 ақпан 2020 ж. 248 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области