Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Көктемгі маникюріңізді таңдадыңыз ба? (ФОТО)

Көктемгі маникюріңізді таңдадыңыз ба? (ФОТО)

Kyzylorda-news.kz. Қыз баласы сұлулықты сүйеді. Сұлулық пен мезгілдің де үндесетінін де білген абзал. Мысалы, биыл көктемде қандай түс маникюр үшін өте ұтымды әрі сәнді болуы мүмкін? Ашық, жылы және қанық түстер келер көктемнің көркемдігін аша түседі. Сіз дайынсыз ба?

Ашық көк
Егер күйгелек, шапшаң болсаңыз, ашық көк түсті маникюр сізді бірқалыпты, сабырлы болуға шақырады. Сары не қара қыз болғаныңыз маңызды емес. Қар мен көк аспанның үйлесіміндей болған осы түсті таңдасаңыз, құрбыңыздан "Қандай әдемі, сүйкімді тырнақтар!" деген мақтау сөз естисіз.

Қызыл
Ешқашан өзектілігін жоймайтын классикалық түс маусым таңдамайды. Тіпті, теріңіздің түсіне, тырнақ формасына, саусақ ұзындығына, киім үлгісіне де "назар аудармайды". Есіңізде болсын, қызыл түсті маникюр сән мен сымбат әлемінде мәңгілікке тұрақтап қалды.

Опа түсті
Романтикалық опа түсі – бейтарап болғаны соншалық, кеңсе қызметкеріне де, спорт сүйетін қыздарға да, жалпы бәріне жарасады. Бұл бояуға қосымша жылтыр сеуіп не сурет салудың қажеті жоқ.

Бонус: Неонды қызғылт
Барби стиліндегі нәзік және перламутр жылтырмен неонды ашық қызғылт түс осы көктемнің жазға ұласқан тұсында өте әдемі көрінері сөзсіз. Тым ерекше түстерді ұнатпасаңыз, біз ұсынған осы үлгіні байқап көріңіз.


23 ақпан 2020 ж. 344 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области