Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстан туында қызыл түс болғаны рас па?

Қазақстан туында қызыл түс болғаны рас па?

Kyzylorda-news.kz. 1992 жылдың 4 маусымында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы туралы", "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы туралы" және "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранының музыкалық редакциясы туралы" заңдарға қол қойды. Осыдан бастап 4 маусым ҚР рәміздер күні аталып келеді.

Қазіргі рәміздер құрылымының 27 жыл бұрынғы нұсқадан айырмашылығы бар. Мысалы мемлекеттік туда екі емес үш түс болған. Аспан түсі көгілдір, Күн мен қыран құс алтын түстес және ою-өрнектер қызыл түсті болған екен. 4 маусым күнгі алғашқы таныстырылым кезінде дәл осы үш түсті нұсқа көрсетілген.
Шәкен Ниязбеков қызыл түсті таңдағанда Орта Азияда пайда болған қызғалдақ гүлінің түсін негізге алған екен. Кейін автор шешімімен қазіргідей екі түс қана қалдырылған. Халықаралық PANTONE түстер Атласында Қазақстан туындағы қазіргі көгілдір және алтын түстер №3125U және №102U деген нөмірге ие. Конституцияда бекітілген стандартқа сай, дәл осы екі түс қолданылуы тиіс.
Тәуелсіздік алған соң, Мемлекеттік рәміздерді қабылдауалды кеңес құрылған еді. Кеңес тынымсыз еңбек етті. Себебі олардың қарауына мемлекеттік тудың 1200 нұсқасы ұсынылған болатын. Одан бөлек, елтаңбаның 245, әнұранның 750 нұсқасы ұсынылған.


04 маусым 2019 ж. 671 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области