Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » РӘМІЗДЕР КҮНІН АТАП ӨТТІ

РӘМІЗДЕР КҮНІН АТАП ӨТТІ


         Облыс орталығындағы Рәміздер алаңында 4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай салтанатты шара өтті.
         Оған Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшылығы, сала ардагерлері және департаментке қарасты мекеме қызметкерлері қатысты.
         Салтанатты шара қызметкерлердің Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туына сап түзеп, Әнұранын орындауымен басталды.
Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы, әділет полковнигі Ғанибек Отарбаев жиналғандарды айтулы мерекемен құттықтап, мемлекеттік рәміздердің маңыздылығы туралы баяндама оқыды.
         Мұнан соң сала ардагері Тұрсынбай Баймаханов мерекелік лебізін білдіріп, сала қызметкерлерін Қазақстанның гүлденуі жолында еңбегіне табыс тіледі.
         Шарда қызметте айтулы жетістіктерге жеткен бірқатар азаматтар марапатталды. Олардың ішінде ЗК-169/1 мекемесінің бастығы, әділет подполковнигі Алмат Тасқараев, ҚАЖ департаменті қадр жұмысы тобының бас маманы, әділет аға лейтенанты Асылбек Ертай бар.
Шара соңы салтанатты шерумен аяқталды.



05 маусым 2018 ж. 774 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области