Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АУЫЛДА СПОРТ КЕШЕНІ БОЙ КӨТЕРДІ

АУЫЛДА СПОРТ КЕШЕНІ БОЙ КӨТЕРДІ


    Шиелідегі Алғабас елді мекені іргелі ауылдардың бірі. Жұртшылық алдындағы есепте осы елді мекен қарайтын Жуантөбе ауылдық округінде өткен жылы атқарылған істердің жай-жапсары баяндалды.
    Ауылдық округ әкімі Ә.Бегайдаров баяндамасын былтырғы кездесуде айтылған ұсыныс-пікірлердің орындалу барысымен бастады. Содан соң жиналғандарды ауыл тынысынан хабардар етті.
    Алғабас ауылында 555 отбасы, 3175 халық тұрады.
    Жуантөбе ауылдық округінде мәселелерінің барлығы дерлік шешілген. Ауыз судан, аяқ судан, жарықтан еш проблема жоқ. Мектеп, балабақша, мәдениет үйлері күрделі жөндеуден өтіп, халық игілігіне берілген.
    Өткен жылы жобалық құны 36 млн. 419 мың теңгеге ауылдық округтің әкімшілік ғимараты салынып, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында «БЕТА и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Ерболат Жылқайұлының жеке қаражатына жобалық құны 42 млн. теңгенің жаңа спорт кешені пайдалануға берілді.

17 қаңтар 2018 ж. 718 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области