Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада қамқоршылық кеңесінің отырысы

Қызылордада қамқоршылық кеңесінің отырысы

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Қамқоршылық Кеңестің кезекті отырысы өтті.Қамқоршылық кеңеске Қорқыт ата атындағы ҚМУ-нің және «Болашақ» университетінің ректорлары, М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледж директоры, мемлекеттік орган басшылары, бизнес өкілдері мен ата-аналар комитетінің төрайымы мүшелік етті.
Биылғы оқу жылындағы Қамқоршылық кеңестің алғашқы отырысында мектеп директоры Баxыт Жұматайдың 2018-2019 оқу жылы бойынша есебі тыңдалды. Оқушылар контингенті, педагогикалық құрамы, оқыту бағдарламасының ерекшелігі, оқушылардың білім сапасы, облыс мектептерімен байланыс, қоғамдастықпен ынтымақтастық, айтулы оқиғалар мен оқушы-ұстаздар жетістігі туралы баяндаған Бахыт Әмірханұлы 2020 жылға арналған мектептің даму жоспарымен бөлісті. Осы ретте Кеңес мүшелері түлектердің жоғары оқу орындарына түсу көрсеткіші мен таңдаған мамандықтар бойынша сауалдар қойып, пікір алмасты.
Сонымен қатар, Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университеті және «Болашақ» университеті NIS-programme оқу бағдарламасы мен 12-сынып сертификатын мойындау туралы ұсыныс айтып, Зияткерлік мектеп түлектерін қысқартылған 3-жылдық оқуға қыбалдауға дайын екендіктерін жеткізді.
Күн тәртібінде қаралған үшінші мәселе – Абай Құнанбайұлының 175-жылдық және Әл-Фарабидің 1150-жылдық мерейтойларын өткізу барысы. Бұл айтулы даталарды атап өту үшін мектепте көптеген әдеби-танымдық шаралар, зияткерлер мен педагогтер арасында интеллектуалды сайыста және шығармашылық кештер ұйымдастыру жоспарланған.
Кездесу соңында мектептің қызметін жақсартуға бағытталған ағымдағы мәселелер қаралып, Қамқоршылық кеңес мүшелерінің зияткерлік әлеуетті қалыптастыру мен дамытуда өзге де ұсыныстары тыңдалды.

24 ақпан 2020 ж. 213 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области